Қарағандыда мұз жолға құлаған нәресте қайтыс болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарғандылық он айлық баланы мұзға құлатып алды, бала алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Қайғылы жағдай Қарағандыда Октябрь ауданында орын алды. Әйел оқушы қызын он айлық інісімен серуендеуге жібереді. Тайғанақ жолда келе жатқан қыз құлап қалып, баланы қолынан түсіріп алады. Нәресте басынан ауыр жарақат алады.

Қыз талып қалған баланы алып үйіне кіреді. Үйінен баланы жедел жәрдем алып кетеді.

«Бала төртінші дәрежелі комаға түсті. Ол жансақтау бөлімінде есін жимастан көз жұмды. Миы ісіп, асқазан ішіне қан кеткен», - деді клиникалық аурухананың қабылдау бөлмесіндегілер.

Аудандық прокуратурада нәрестенің қаза болуына байланысты тексеру жүргізетінін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар