Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Жан шуағы» фестивалі өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Жан шуағы» ХХ облыстық фестивалі өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты. 

null

Фестивальдің басты мақсаты - денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік мәдени оңалту және бейімдеуге көмек көрсету, сонымен қатар қоғамның назарын мүгедектердің проблемаларына аудару. 

null 

Мамыр айынан бастап қыркүйекке дейін Қарағанды облысының қалаларында «Жан шуағы» және «Біз тұратын үй» деген атаумен шығармашылық ұжымдардың есептік концерттері, іріктеу кезеңдері, сондай-ақ мамандандырылған кәсіпорындар, ұйымдар, мектеп-интернаттар, мүгедектер мен ардагерлерге арналған интернат үйлердің қызметкерлері үшін қайырымдылық концерттері өткізілді. 
Фестивальдің облыстық кезеңі барысында Кеншілер мәдениет сарайының кіреберісінде «Менің әуес әлемім» атты көрме орналастырылды. Онда 100-ден астам суретшілер, фотографтар және сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстары жинақталған. 
«Мерейтойыңмен, фестиваль!» гала-концертіне 200-ден астам адам қатысты. Сахнада шығармашылық ұжымдар мен мамандандырылған мәдениет кәсіпорындары, психоневрологиялық медико-әлеуметтік мекемелердің, Қарағанды облысы мүгедектер қоғамының ерікті қоғамдық ұйымдарының орындаушылары өнер көрсетті. Фестивальге қатысушылар Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Саран, Шахтинск және Абай қалаларынан жиналды. 
«Жан шуағы» - «Творчество души» фестивалі мүмкіндігі шектеулі жандардың жүрегінде жылулық пен сүйіспеншілік тудыратын ерекше жарқын оқиғаға айналған,- дейді ұйымдастырушылар. 
Алғаш рет фестиваль 1992-ші жылы облыстық сауықтыру және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығының бастамасымен өткен болатын. 

null null 

Соңғы жаңалықтар