Қарағандыда мердігерлер жол жөндеу кезінде кемшілік жібергендерін мойындады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -  Қарағандыда асфальт төсеген құрылыс фирмасының мердігерлері қала жолдарын жөндеу кезінде кемшілікке жол бергендерін мойындады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, мердігерлік ұйым өкілдері қар еріген кезде жолда пайда болған шұңқырларға ақаулы битум  себеп болғанын хабарлады. Олар материалды сатып алғанға кейін оның сапасын тексеру мүмкін еместігін айтты. Қарағанды облысында битум құрамын зерттейтін мамандандырылған зертхана жоқ.

Қарағандыда өткен жылы көп көшелерде жол жөнделді. Алайда жаңа жамылғы бір қыстың өзіне шыдас бере алмады.

Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров мәжілісте биыл мердігерлерден барлық ақауларды, шұқырды бекіту жұмыстарын тегін жүргізуді талап етті. Атап айтқанда, Әлиханов, Космонавтов көшелері, вокзал маңындағы жолға, Федоров өтпежолына сапасыз асфальт төселген.

«30 учаскенің 20-сында асфальт қабыршақтанып, ойылып,  жарықтар пайда болған, - деді әкім. - Мердігерлік ұйымдарға кемшіліктерді жою туралы нұсқама жіберілді. Көптеген көшелерге асфальтобетон жамылғысының  жоғары қабатын толықтай ауыстыру талабы қойылды».

Соңғы жаңалықтар