Қарағандыда қызметтесін өлімші етіп сабаған сарбаз қамауға алынды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда аудандық сот әріптесін өлімші етіп сабаған Қорғаныс министрлігінің №44841 әскери бөлімшесінің әскери қызметкерін екі айға қамауға алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Әскери қызметкер АК 159/1 тергеу изоляторына қамауға алынды. Ол Қылмыстық кодекстің 440-бабы 4-бөлімінде қарастырылған «Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу» бойынша қылмыс жасады деп күдіктеліп отыр.

Айта кетейік, 19 жастағы сарбаз Е.Жексембай Қарағанды облысы Приозерск қаласындағы Қорғаныс министрлігінің №44841 әскери бөлімшесінің аумағында өлімші етіп сабалған болатын. Құқық қорғау органдары оның қызметтесін қамауға алды. Екеуі де - көктемгі шақыртуда Оңтүстік Қазақстан облысынан әскерге шақырылған. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-інің 440-бабы 4-бөлімінде көзделген «Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу» бойынша қылмыстық іс жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар