Қарағандыда құтқарушы-кинологтар ЭКСПО-2017 қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындалуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының құтқару бөлімшесінде аймақтық кинологиялық есептер жиын-семинары өткізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Бұл шараға Астана, Атырау, Екібастұз, Көкшетау қалалары құтқару бөлімшелерінің кинологиялық есептері қатысуда.

 Мұндағы басты мақсат - техногенді сипаттағы ТЖ аумағында бөлімшелердің өзара қатынасын пысықтау және Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Үйінді техногенді аумақтарда қиын жағдайда бірлескен тәртіпте бірнеше жұмыс атқарылады: қараңғы уақытта, жертөледе, альпинисттік технологияның көмегімен қиын жерлерде кинологиялық есептерді жеткізу.

Осы іс-шараларды жүргізу үшін Қарағанды қаласында бұрынғы Карбит заводы мен Ет комбинаты аймағында іздестіру ерекшелігі бойынша сабақтарға арналған оқу-жаттығу орны және кинологиялық есептерді орналастыруға арналған дала лагері дайындалған.

Соңғы жаңалықтар