Қарағандыда қоршаған ортаны ластаған мекемеге 157 млн теңге айыппұл салынды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Табиғатты қорғау прокурорлары табиғатқа келтірілген залал үшін жеке меншіктегі «Нова цинк» компаниясына өтемақы төлетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының аға прокуроры Динара Бекежанованың хабарлауынша, кәсіпорын өзінің айналасына қалдықтарды заңда көрсетілген рұқсатсыз тастап келген. Компания байытылған қорғасынды-цинк рудасы мен қорғасын-цинк қоспасын өндіреді.

«Тексеру барысында экология заңнамаларын бұзу жағдайы анықталды. Табиғатты қорғау прокуратурасы істі сот органдарына жолдады. Экономикалық сот шағымды толық қанағаттандырды. Кәсіпорыннан 157 млн теңге көлемінде шығын өндірілді»,-деді Динара Бекежанова.

Тағы 154 млн теңгені компания қоршаған ортаға деген заңсыз эмиссия үшін төледі.

Соңғы жаңалықтар