Қарағандыда көмір өндіру көлемі артады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Көмір өндіру деңгейі бойынша Қарағанды облысы посткеңестік кезеңде өндірілген қара алтын көлеміне жетіп қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Биылғы жылы өңірде 36 миллион тонна көмір өндіріледі деп жоспарланып отыр. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда, 21 пайызға артқан. Аталған көрсеткіш посткеңестік кезеңде өндірілген көмір көлеміне таяп қалды. 1991 жылы 45 миллион тонна көмір өндірілген», - деді Қарағанды облысы өнеркәсіп және индустриалды-инновациядық даму басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмасұлтанов.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті аршу жұмыстарын ашық тәсілмен аяқтау есебінен 2017 жылғы өндіріс көлемін 8,9 пайызға арттыруды жоспарлап отыр. «Қазақмыс» копорациясы «Куу-Чекинский» разрезі мен «Молодежный» разрезінен биылғы жылдың өзінде 8 миллион 700 мың тонна көмір өндіруді көздеп отыр. Оның өсімі 9,5 пайызды құрайды», - деді Ғалымжан Жұмасұлтанов.

2016 жылдың қаңтар айынан бастап іске қосылған жаңа көмір өндіруші кәсіпорын «Шұбаркөл Премиум» ЖШС қара алтын өндірісін 4,3 есеге арттырмақшы. 

Соңғы жаңалықтар