Қарағандыда кісі өліміне алып келген апатқа кінәлі взвод командиріне үкім шықты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Мас күйінде апатқа ұшырап, кісі өліміне кінәлі болып, полиция экипажынан бой тасалаған Қарағанды облысы жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция взводының командирі Серікбай Рахымовқа  2 жыл 6 айға шартты жаза кесілді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қылмыстық іс матералдарына сәйкес қайғылы жағдай Қарағандыда осы жылы 21 қаңтарда орын алған. Взвод командирі Рахымов қалада дәмханалардың бірінен 12 мың теңгеге ішімдік ішіп, артынша көлігіне отырған. Бұқар жырау даңғылында оны жол-патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатпақ болады. Алайда ол бұл талапты ескермей, аса жоғары жылдамдықпен Қарағандының орталық базары жағына қарай жүріп кетті. Полицейлер оны қуып жетіп, тоқтатты. Командир көліктен шықпай қойды, бұл туралы қызметкерлер жол-патрульдік полиция басшылығына жеткізді. Оқиға орнына  қатардағы қызметкер Мұрсал Сыздықов шақыртылды. Оған жағдайды анықтау тапсырылды.
null 

Мұрсал Сыздықов  командирді салоннан шығарып, экипаж талабына бағынуға көндірді. Алайда көліктен шыққан мас командир  салоннан темекі алуға рұқсат сұрады. Машинаға қайта отырған ол көлікті оталдыра сала  жүріп кетті. Испектор  Сыздықов салонға жүгіріп мініп, жолаушылар орындығына отырып үлгерді.

Қарағанды сыртындағы әуежай жаққа шыққан командир рульді басқара алмай, көпірден ұшып кетті. Алған жарақаты салдарынан инспектор апат орнында көз жұмды.
null 

Қазыбек аудандық сотының судьясы Саян Аққожин командирді ҚР 345-бабы 3-бөлігі және ҚК 379-бабы 1-бөлігі  бойынша кінәлі деп таныды.

Қаза тапқан Мұрсал Сыздықовтың 5 жастағы мен 8 айлық ұлы жетім қалды.

Соңғы жаңалықтар