Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 340.35
EUR 405.46
RUB 5.87
CNY 51.64

Қарағандыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы атындағы студенттер гүл бағы мен жарық-музыкалық субұрқақ ашылды

Қарағандыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы атындағы студенттер гүл бағы мен жарық-музыкалық субұрқақ ашылды
2011 жылғы 1 қыркүйек 20:27 155

ҚАРАҒАНДЫ. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағандыда Е.А.Бүкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жанында  Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған студенттер гүл бағы мен жарық-музыкалық субұрқақ ашылды.

Оның ашылу салтанатына Қарағанды әкімі Бауыржан Әбдішев, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов, ҚарМУ ректоры Еркін Көбеев, жоғары оқу орнының студенттері мен ұстаздары, ардагерлер, қала тұрғындары қатысты.

«Гүл бағы мен субұрқақ - Қарағанды мемлекеттік университетінің Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына, Конституция күніне, Білім күніне арнаған сыйлығы. Ол тек жоғары оқу орнының студенттері мен ұстаздарына ғана емес, Қарағанды қаласының барша халқына сыйға тартылып отыр», - деп атап өтті ЖОО ректоры.

Басты сөздер:
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер