Қарағандыда қатты жел мен аяз салдарынан жарық өшіп қалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы ірі аудан мен қаладан бірнеше шақырым қашықта орналасқан Энгельс кенті қатты жел мен үскірік аяз салдарынан жарықсыз қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Атап айтқанда, жел мен аяз салдарынан бекітпесі ажыраған электр сымы үзіліп кеткен.

«Жел мен минус 36 градус аяздың салдарынан 75-76 ВЛ № 2068 бағанындағы бір фазаның сымы үзіліп қалған», - деп хабарлады «Қарағанды Жарық» компаниясының баспасөз қызметіндегілер.

Станцияға алты апаттық бригада жеткен. Энергетиктер тұрғындарға жарықты резервтік жүйеден беруді жөн деп тапқан.

«Энергетиктердің жылдам әрекет етуінің арқасында, барлық тұтынушыларға сағат 00:06-да электр қуаты берілді. Осылайша, ауа райының қолайсыздығы салдарынан кейбір үйлерде 1 сағат 7 минут бойы жарық болмады», - деп хабарлады компания. 

Соңғы жаңалықтар