Қарағандыда кәсіпкерлер үшін судың тарифі төмендетіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда 2018-ші жылдың қаңтарынан бастап кәсіпкерлер үшін судың тарифі 320 теңгеден 248 теңгеге дейін төмендетіледі. 

Бұл туралы инвестициялар және орта және шағын бизнесті дамыту сұрақтары бойынша облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров мәлімдеді, деп хабарлайды karaganda-region.gov.kz . 

- Шағын және орта бизнес субъектілері үшін сумен қамтамасыз ету қызметінің тарифтерін саралау бойынша өзгерістер енгізілді, - деді Алмас Айдаров. - Құжатқа қол қойылды. Енді 2018-ші жылдың қаңтарынан бастап олар үшін тариф 248 теңгені құрайды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады. 
Отырысқа қатысқан кәсіпкерлерді сонымен қатар электр энергиясының тарифін төмендету мәселесі де қызықтырды. 

 "Өткен кездесулердің бірінде біз бұл сұрақты қойған болатынбыз, - деді кәсіпкерлердің бірі облыс әкімі Ерлан Қошановқа. - Сол кезде ол мәселені сіз Энергетика және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасына жіберген болатынсыз. Алайда барлығы әзірге тек сөз жүзінде ғана қалды. Бұл мәселені қалайда құжат түрінде тіркеу, мысалы меморандумға қол қою мүмкін бола ма?". 

Облыс әкімі бұл мәселені қарастыруға уәде берді. Келесі жолы кәсіпкерлік мәселелері бойынша комиссия отырысында оларды шешу жолдары талқыланады.

Соңғы жаңалықтар