Қарағандыда қаржы пирамидасы негізін қалаушыны қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда бірнеше миллион қаржы айналымымен қаржы пирамидасын құру туралы атышулы іс бойынша алаяқтықтық негізін қалаған күдіктіні қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Тергеуші өтініші қанағаттандырылды. Тергеу органы заңмен белгіленген мерзімде жұмыстарын аяқтап үлгермегендіктен, «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы 15 мамырға дейін ұзартылды», - деп хабарлады Октябрь ауданы сотының кеңсесінен.

Қаржы пирамидасы туралы іс бойынша жеті адам күдікті деп танылды.

Шамамен 800-ге жуық салымшы алаяқтық құрбаны болған. Материалдық шығын сомасы екі миллиард теңгеге бағаланды. Тергеушілер Optovka аттты қаржы пирамидасының тікелей ұйымдастырушысы кәсіпкер Елена Колесникова екенін анықтады.

Аудиторлық тексерудің ресми тұжырымдамасына сәйкес, шығын сомасы 1 миллиард 900 миллион теңгені құрады. Күдікті Колесникова тергеуде өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол адал ниетпен жұмыс істегенін, клинингтік және құрылыс компанияларының иесі болғанын айтуда. Күдіктінің салық заңнамасын бұзғаны да анықталды. Салық төленбей, берешек жинала берген. Оның халықтан жинаған барлық ақшасы қазыналық аппараттардан өтпеген. 

Соңғы жаңалықтар