Қарағандыда ішіп алып көлік жүргізген әкім ұсталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Мас күйде көлік жүргізгені үшін Ақтоғай ауданындағы Кежек ауылдық округінің әкімі қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Шенеунік Мейірхан Мәкенбаев ішімдік ішіп алып өзінің қызметтік «Нива» көлігінің руліне отырған. Оны жол полициясы Ақтоғай ауданындағы Жалаңаш ауылының жанында тоқтатады.

Тәртіп бұзушылық жағдайының қалай болғанын әдеп жөніндегі кеңес отырысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы Дәурен Оразбаев айтып берді. Оның сөзінше, шенеунікте жүргізу куәлігі де болмаған, арнайы сараптама оның ішкенін көрсеткен.

«Кежек ауылдық округінің әкіміне қатысты материал Әдеп кеңесінің қарауына жіберілді», - деді Дәурен Оразбаев.

Әдеп кеңесінің мүшелері әріптестерінің бұл әрекетін айпытады. Кеңес төрағасы Жандос Сәрсенов кеңес мүшелерімен бірлесе отырып, ауыл әкімін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады.  

Соңғы жаңалықтар