Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 335.24
EUR 395.82
RUB 5.82
CNY 50.65

Қарағандыда ірі қаржы пирамидасының басшысы сотталды

Қарағандыда ірі қаржы пирамидасының басшысы сотталды
2017 жылғы 11 тамыз 17:42 927

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Астана, Қарағанды және Теміртаудан 752 тұрғын құрбанына айналған «Optovka» қаржы пирамидасын құрғаны үшін айыпталушыға 4 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру үкімі шықты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Октябрь аудандық соты Амантай Әбдікамалов Елена Колесникованы ҚК 217-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп таныды.

«Сотталушыға орташа қауіпсіздік режімімен түзеу колониясында 4 жыл және 5 айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалсын», - деген үкімді оқыды судья Амантай Әбдікамалов.

Жәбірленуші салымшылардың пайдасына сот 385 миллион теңге өндіріп беруді қаулы етті, сондай-ақ заңсыз жолмен алған мүлік мемлекет пайдасына тәркілеуге жатады. Прокурор Саржан Сабыр оны 10 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Жәбірленуші 752 адам болып танылды.

Алайда кейбір жәбірленушілер Колесникованың жұмысындағы уақытша қиындықтар ғана ақшаны қайтаруға кедергі келтірді деп санайды. Олар фирма дағдарысты жағдайдан шыққаннан кейін олар салған ақшадан процент түрінде табыс әкелетініне сенімді. Бұл ретте жәбірленушілер проценті туралы айтпағанда, тіпті негізгі соманы да алмаған. Колесникова салымшылардың міндеттемелерін орындамаған бөлігіндегі айыбын ғана мойындады.

Ол оның алаяқтық жасайтын ниеті болмағанын, азаматтарға ақшаны қайтаруға жеке салымшылардың шағымдары мен тергеу органдарының араласуы кедергі келтіргенін айтты. Іс материалдарында фирма жеке тұлғалардан 3 миллиард теңге алғаны, оның ішінде салымшыларға 2 миллиард теңгесі қайтарылмағаны жазылған.

Бір жарым мыңнан астам салымшылар мен куәгерлерден жауап алынды, екі мыңнан астам тергеу әрекеттері жүргізілді, оның ішінде сараптама және өзге де зерттеулер бар, алдында күдікті болған бес адам куәгер атанды. Оларға қатысты іс тергеуге белсенді жәрдемдескені үшін және өкінуге байланысты тоқтатылды. Сонымен қатар, белгісіз тұлғаларға қатысты жеке өндіріске бөлінген тағы бір қылмыстық іс бар. Қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін олардың кім екенін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

 

 

Басты сөздер: Сот, Заң, Қарағанды облысы,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер