Қарағандыда «Халқымның қайғысы мен қасіреті есімде менің» көрмесі өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Халқымның қайғысы мен қасіреті есімде менің» атты көрме ашылды, деп хабарлайды өңір әкімдігінің ресми сайты .

Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайының экскурсиялық-бұқаралық бөлімінің жетекшісі Андрей Дребезговтың айтуынша, бұл көрмеде Карлагтың тарихы келтірілген. 

- Экспозиция қарағандылық лагерлердің құрылуы туралы әңгімелейді. Үш экспозициялық бөлімдерде Қазақстан аумағындағы саяси қуғын-сүргін туралы ақпараттар келтірілген. Біздің жәдігерлер, фотоматериалдар мен құжаттар 1930-1950-ші жылдары орын алған оқиғалардың барлық қасіретін ашып көрсетеді, - дейді Андрей Дребезгов.

Жәдігерлер әртүрлі тақырыптық бөлімдерде ұсынылып отыр: Қазақстандағы ашаршылық, Қарағанды түзету-еңбек лагері, тергеуші кабинетінің инсталляциясы, Карлагтың әйгілі тұтқындары, Алаш Орда, жер аудару, тәуелсіз Қазақстан және мұражай қызметі.
Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы Президенттің тапсырмасы бойынша 2001-ші жылы құрылған болатын. 2011-ші жылы мұражайдың кеңейтілген экспозициясының тұсаукесері өтті. Қызмет еткен ауқыт аралығында мұражайға әлемнің 56 елінен екі жүз мыңнан астам адам келіп кеткен. 

«Халқымның қайғысы мен қасіреті есімде менің» көрмесі 22 тамызға дейін Ерубаев к-сі, 38 мекенжайы бойынша орналасқан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында жалғасады. 

Соңғы жаңалықтар