Қарағандыда эвакуацияланған екі ауылдың тұрғындары үйлеріне оралды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда Қарағанды облысындағы елді мекендерде су тасқынына қарсы және апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

 Ерекше бақылауға алынған аймақтарға Бұқар Жырау, Қарқаралы, Абай, Шет және Нұра аудандары кіреді, деп хабарлайды өңірлік ТЖД.

Су деңгейінің төмендеуіне байланысты Ақтөбе ауылынан эвакуацияланған 62 және Андрейниковка ауылынан 10 адам өз үйлеріне оралды.
 

Су тасқыны аймағында апаттық-құтқару және шұғыл жұмыс жүргізу барысында 1906 адам эвакуацияланып, 5468 бас ірі және ұсақ қара мал қауіпсіз жерге айдалды.

Су тасқыны кезеңінде еріген қар суын айдау үшін және елді мекендерді қорғау үшін 17,415 км қорғаныс бөгеті тұрғызылып, 35100 ыдысқаптар төселінді және 1264,5 текше метр су айдалды.

17 сәуір күні Нұра ауданы Тассуат ауылында Нұра өзеніндегі судың көтерілуіне байланысты 14 аула, соның ішінде 10 үй су астында қалды. 56 адам туыстарына жеткізілді. Құтқару жұмыстарына 69 адам мен 36 техника жұмылдырылды.
 

Өткен тәулікте Новостройка, Ынтымақ, Самарка, Нұраталды, Тассуат ауылдарында 6880 дана ыдысқап төселініп, 3050 м қорғаныс дуалы тұрғызылды.

Тәулік ішінде су тасқынына қарсы іс-шараларға 712 адам мен 202 техника, соның ішінде жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардан 332 адам және 120 техника, ТЖД-дан 215 адам, 37 техника, ҚР Ұлттық гвардиясы 52859 әскери бөлімінен 55 адам, 8 техника, жергілікті полиция қызметінен 110 адам, 37 техника тартылды. 

Су тасқыны жағдайы жіті бақылауға алынған. 

Соңғы жаңалықтар