Қарағандыда ер адам 70 жастағы көршісін белбеумен буындырып өлтірген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында сот зейнеткер көршісін өлтірген ер адамды 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімі 3-тармағы (адам өлтіру) бойынша А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, ішімдік ішкен ер адам 70 жастағы көршісіне барып, ішімдік сұраған. Бірге ішімдік іше отырып, А. өзін жайсыз сезініп, еденге құсқан. Осы әрекеті үшін зейнеткер көршісі оған балағат сөздер айтқан. Жәбірленушінің айтқан сөздеріне намыстанған А. оны өлтірмек болып, шалбарының белбеуін шешіп, оны мойнынан буындырып өлтірген.

Соттың үкімімен А.  ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімі 3-тармағы (адам өлтіру) бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде жазасын өтейтін болады. 

Соңғы жаңалықтар