Қарағандыда екі жасар қызды өртеп жібергендерді тұтқындау мерзімі ұзартылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда үсіп өлген екі жасар қызын өртеп жіберген шешесі мен өгей әкесінің тұтқындау мерзімі үшінші айға ұзартылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Судья Шахатбек Әбдіров олардың қамауда ұстау мерзімін ұзарту қаулысын шығарды. Оларға ҚР ҚК «Кісі өлтіру» 99-бабы бойынша қылмыс жасады деген күдік келтіріліп отыр.

«Тергеу органының қолдаухаты бойынша қамауда ұстау бұлтартпау шарасы үш айға дейін ұзартылды», - деп хабарлады Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметіндегілер.
null
Азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар, тергеу нұсқасы бойынша, қақаған қыс айында екі жасар қызын көшеде қалдырған. Содан кейін оның қатып қалған мүрдесін Қарағанды шетіндегі саяжайдың бірінде пешке салып өртеп жіберген.

Іс материалдарында 2014 жылы туған қызды 2016 жылғы ақпанда Қарағанды мен Үштөбе кенті арасындағы алаңқайға қалдырып кеткен. Ер адам ілесе алмай келе жатқан өгей қызын күтпей, адымын жылдамдатқан. Қыз әкесінің артынан жүгіріп жүріп, кейін ізінен жаңылып қалған. Мас болған шешесі қызын бірден іздей қоймаған, таңертең ғана олар қыздың алаңқайда әкесіне ілесе алмай қалып қойғанын біледі. Олар баланы өлі күйінде тапқан. Содан кейін баланың денесін сайжайға әкеліп, пешке салып өртеп жіберген.

Осы жылғы желтоқсанда полицейлер баланың қайтыс болғаны жайлы біліп, ерлі-зайыптыларды тұтқындайды. Олар ҚК 99-бабы бойынша күдікті деп танылуда.

Соңғы жаңалықтар