Қарағандыда екі қабатты автокешен өртенді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда екі қабатты автокешен өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күнгей» автокешенінде өрт сағат 16:16-да басталған.

«Тауарлар - май мен автобөлшектер, ғимараттың аражабынды мен қабырғалары жанған. Өрт сағат 17:42-де оқшауланып, 17:46-та толық сөндірілді. Жалын 750 шаршы метр аумақты шарпыды», - деп хабарлады өңірлік ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі жұмылдырылды. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Өрттің шығу себептері бойынша анықтаушылар жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар