Қарағандыда екі бойжеткенді қағып кеткен студент екі айға тұтқындалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды соты жылдамдықты асырып, жаяу жүргіншілер өткелінен 20 жастағы бойжеткенді құрбысымен қағып кеткен ЖОО-ның студентін екі айға тұтқындады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазыбек би аудандық сотының төрағасы Шахатбек Әбдіров тергеушінің өтініші негізінде жолда жүру жылдамдығын шектен тыс асырған студентке қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады.

Судья студентті абақтыға қамауға себеп оның жасаған қылмысының ауыр деп  танылуы және жол ережесін өрескел бұзғандығы екенін айтты. Ал күдіктінің қорғаушысы  оны бас бостандығынан айырмау түрінде шара қолдануды сұрады.

Еске сала кетейік, көлік апаты 15 мамырда сағат 21.45-те орын алды. BMW жүргізушісі көлігімен жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі бойжеткенді қатты жылдамдықпен қағып кеткен. Оның біреуі оқиға орнында мерт болып, екіншісі емханаға жатқызылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар