Қарағандыда дау туғызған мәселе бойынша комиссия құрылды

None
None
Қарағанды. ҚазАқпарат - Қарағандыда қалыптасқан жағдайға наразылық білдірген жүргізушілер мен автопарк басшылығының арасында болған дауды келісім комиссиясы шешетін болды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«№3 автобус паркі» ЖШС басшылығы, жергілікіт атқарушы органдар мен рейске шықпаған жүргізушілер арасында үшжақты диалог жүргізді. Қазіргі таңда мәселе шешілді. Жүргізушілер автопарк басшылығының жоспардың көлемін ұлғайтумен байланысты шараларына наразы болған еді. Қазіргі таңда арнайы келісім комиссиясы жұмыс істеп жатыр»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ хабарламада аталған жағдайдың ерекше бақылауда екендігі айтылады. Билік өкілдерінің мәліметтерінше, жолаушылар тасымалы тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Қоғамды көліктер де жұмыстарын белгіленген кесте бойынша жалғастыруда.

Облыс әкімдігінің өкілдері келісім комиссиясының жұмысының нәтижелерін жария етуге уәде беріп отыр.

Айта кетейік, Қарағандыда 22 қыркүйек күні №3 автопарк жүргізушілері наразылық шарасын өткізіп, 20 қоғамдық көлік кесте бойынша жолға шықпай қалды.

Соңғы жаңалықтар