Қарағандыда бос жер телімдері белгіленген электронды карта құру жұмыстары басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда бос жер телімдері көрсетілген электронды карта жасау жұмыстары басталды,деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты. 

Осындай қолжетімді мәлімет базасын кәсіпкерлер бұрыннан бері күткен болатын. Аймақтағы шағын және орта бизнесті дамытуға, инвестицияларды жұмылдыру үшін не қажет екені туралы аппараттық жиналыста облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров мәлім етті. 

«Инвестициялар мен шағын және орта бизнестің дамуы аймағымыздың өсуінің негізі болып табылады», - деп атап өтті ол. 
 «Инвесторлар тарапынан облысымызға деген қызығушылық бар. Өткен аптаның өзінде-ақ біз төрт шетелдік және екі отандық инвесторлармен кездесу өткіздік. Олармен аспап, кабель зауытының құрылысы және тағы да басқа жобаларды жүзеге асыру туралы әңгімелестік», -деді Алмас Айдаров.

null

Әлеуетті инвесторлармен жұмыс барысында мемлекеттік органдардың және мүдделі құрылымдардың дұрыс үйлестірілуін күшейту керек деп есептейді облыс әкімінің орынбасары. Сонымен қатар өңірде инвесторларды іздестіру бойынша нақты жүйе құру керек.

- Инвесторлар үшін жайлы жағдай жасау - бірінші кезекте тұрған мәселе. Бизнеске көмек көрсету үнемі түрде жалғасып отыруы қажет, - деді облыс әкімі Ерлан Қошанов, орынбасарының баяндамасын тыңдап болған соң. 

Аймақ басшысы жақын арада кәсіпкерлік мәселелері бойынша Кеңестің кезекті жиналысын ұйымдастырып, ғалымдар мен бизнесмендерден тұратын Ғылыми-техникалық кеңес жинауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар