Қарағандыда BMW мінген студент бойжеткенді қағып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда BMW көлігі жаяу жүргіншілер жолағында келе жатқан екі қызды қағып кетті, бірі көз жұмып, екіншісі ауруханада ауыр хәлде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қатты соққыдан көлік аударылып кетті. 20 және 19 жастағы екі бойжеткен Приканальный көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан. Апат салдарынан бассүйегі сынған 20 жастағы қыз оқиға орнында тіл тартпастан мерт болды.

15 мамыр күні сағат 21:45 шамасында BMW көлігінің 20 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы кезінде екеуі ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.
Жапа шеккен екінші қыз ортопедия және травмотология орталығында жатыр. Апат орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері жүргізушіні тұтқындады. Оның жергілікті жоғары оқу орнында оқитыны анықталды.

«Жол-көлік апаты фактісі бойынша ҚК 3 бабы, 3 бөлігі негізінде сот алдындағы тергеу жұмыстары басталды. Сараптама тағайындалды. Оның қорытындылары бойынша апат себептері анықталады», - деді Бақытжан Құдияров.

Соңғы жаңалықтар