Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -30 °С
Алматы: -12 °С
USD 324.27 EUR 398.27
RUB 5.73 CNY 50.68
Жаңалықтар

Қарағандыда BMW аялдамада тұрған адамдарды басып кетті

2018 жылғы 13 қаңтар 17:26 1089
Поделиться:
Қарағандыда BMW аялдамада тұрған адамдарды басып кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда BMW мінген 35 жастағы жүргізуші «Сауда-тұрмыстық орталығы» аялдамасында тұрған адамдарды қағып өтіп, павильонға соқтығысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Біздің бригада 69 жастағы зардап шегушіні облыстық медицина орталығына жеткізді. 71 жастағы екінші жәбірленушіні құтқару мүмкін болмады», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Жедел медициналық жәрдем» стансасындағылар.
Қайғылы оқиға болған кезде аялдамада 8 адам тұрған. BMW жүргізушісі неліктен аялдамаға қарай жүргенін сот-автотехникалық сараптамасы анықтап жатыр.

35 жастағы жүргізуші ұсталды. Апат фактісі бойынша ҚК 345-бабы («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат