Қарағандыда балабақша тәрбиешісі қатыгездік үшін жұмыстан шығарылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда жас балаға қатыгездік көрсеткен «Балақай» балабақшасының тәрбиешісі жұмыстан босатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Видеоны әлеуметтік желіде ұлдың ата-анасы таратқан. Дегенмен, олар бұл фактіні көпшілікке жариялау туралы шешім қабылдаған кезде, Қарағанды қалалық білім бөлімі бұл мәселені тексеріп, тәрбиешіні жұмыстан шығарып үлгерген.

«Ата-анасының шағымынан кейін, балабақша директоры ішкі қызметтік тексеріс жүргізді. Атап айтсақ, видеобақылау камерасындағы жазбаны қарап, тәрбиешіден түсініктеме алған, ата-аналар жиналысын өткізген. Өкінішке орай, факті расталды. Видеоматериалдар ата-аналарға берілді. Тәрбиеші 24 мамыр күні адамгершілікке жатпайтын әрекеті үшін жұмыстан босатылды», - деп хабарлады білім бөлімінің баспасөз қызметінен.

Жазаны тәрбиеші ғана алған жоқ. Балабақша директоры мен әдіскері де тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Соңғы жаңалықтар