Қарағандыда Азия чемпионатының қола жүлдегеріне 8 наурызға пәтер тарту етілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Спортшы аруға Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Қарағандының элиталық ауданынан жаңа пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» ХАА Қарағанды облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Қарағанды облысы Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы Азия чемпионатында қола медаль алғаны және өңірдегі спортты дамытуға қосқан үлесі үшін 8 наурызға арнап тамаша сыйлық әзірледі.

8 наурыз қарсаңында Қарағанды облысының әкісі Ерлан Қошанов Эльмира Сыздықованы салтанатты түрде қабылдап, жаңа пәтердің кілтін табыс етті. Сыйға берілген пәтердің ауданы 65,4 шаршы метрді, құны 18 миллион 966 мың теңгені құрайды, - делінген басқарманың баспасөз қызметі берген хабарламада.

Айта кетейік, Қарағанды облысы Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясына «Шұбаркөл көмір» АҚ демеушілік жасаған.

Соңғы жаңалықтар