Қарағандыда аяқ-киім фабрикасы жанып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда аяқ-киім фабрикасынан өрт шықты, деп хабаралайды Қарағанды облыстық ТЖД.

Өрт туралы хабар кезекшілік-диспетчерлік қызметке 17 мамыр күні сағат 20:33-те келіп түсті.

Ғимарат шатырының 750 шаршы метрлік ағаш торламасының өртке оранғандығы анықталды.

Өрт сөндіру шараларының арқасында сағат 23:31-де тілсіз жау ауыздықталып, 23:43-те толықтай сөндірілді.

Өртті сөндіруге 16 техника мен Қарағанды облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметі және апаттық-құтқару жұмыстары жеке құрамының 70 адамы жұмылдырылды.

Өрттің салдарынан ешкім зардап шекпеді. Тілсіз жаудың шығу себебі анықталуда.

1 2 3 4 

Соңғы жаңалықтар