Қарағандыда автобустарға электрондық билеттер енгізіледі

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда қоғамдық көлікте жолаушыларды электрондық билеттендіру жүйесі енгізіледі, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Аппараттық мәжілісте Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров қаржы ағындарын барынша ашық ету үшін жолаушыларды электронды билеттендіруді енгізу қажеттілігі туралы хабарлады. «Электронды билеттендіру жүйесі» қоғамдық көлік қызметі саласында бірқатар проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Мұны күзге жоспарлап отырмыз», - деді Нұрлан Әубәкіров.

Қарағанды облысының әкімі жобаны енгізбес бұрын, алдымен тестілеуге шақырды. «Басқа өңірлердің электрондық жүйесімен жұмыс тәжірибесін ескеру қажет. Мұндай жобаларды абайлап енгізу қажет», - деді өңір басшысы Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ, қала әкімі облыс басшысының тапсырмасы бойынша жұмыс саласындағы бірқатар заң бұзушылықтар жойылғанын айтты. Бір айда автобустардың желіге шығу көрсеткішін 71-ден 84 пайызға жақсартты.

Қарағандыда барлығы тоғыз автопарк бар.

Соңғы жаңалықтар