Қарағандыда ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда ауылшаруашылық қызметкерлері күні атап өтілді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты .

Салтанатты шара К.Станиславский атындағы орыс драма театрында өтті. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов ауыл тұрғындарын мерекесімен құттықтап, ерен еңбектері үшін алғысын білдірді. 
null

Театр холлында бұл күні көрме ұйымдастырылды. Фермерлер Қарағанды аймағында өндірілетін өнімдерді: ет, шұжықтар, сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, дәнді-дақылдарды алып келді. Мұнда Бұқар жырау ауданында өсірілетін бекіре балықты да, косметикалық және емдік заттарды өндіруде пайдаланылатын сублимацияланған бие сүтін де көруге болды. 
null

- Мемлекет қолдауының, жаңа технологиялар мен ерен еңбектің арқасында ауыл шаруашылығымен айналысу қазіргі таңда тиімді болып табылады, - деді өз сөзінде Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов. - Бұл жыл күрделі болды: суы көп көктем, құрғақ жаз, құбылмалы күзгі ауа райы. Алайда сіздер оның барлығына төтеп бере алдыңыздар, жақсы өнім жинадыңыздар. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!». 
Аймақ басшысы мал шаруашылығы жұмыскерлеріне бөлек алғысын білдірді. Және оларға ұзақ келіссөздерден соң бір миллиард теңге көлемінде қосымша субсидия алуға мүмкіндік туғанын жеткізді. 

- Жыл соңына дейін біз субсидияларды толық көлемде төлейтін боламыз, - деді өңір басшысы. - Сонымен қатар біз асыл тұқымды дамытуды қосымша субсидиялау мүмкіндігін де қарастырып жатырмыз. Сізердің барлық жетістіктеріңіздің арғы жағында қыруар тер төгілетінін атап айтқым келеді. Бірақ бұл еңбек біздің және басқа аймақтардың тұрғындарын сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Президентіміз айтқандай: «Жер тағдыры - ел тағдыры».

null

Салтанатты жиында ауыл шаруашылығы саласының үздік қызметерлері марапатталды. Құрмет грамоталары «Волынка» ЖШС атқарушы директоры, шаруа қожалығының басшысы Қайыржан Исин, «Пешковец» шаруа қожалығының басшысы Енисей Пешковец, «Бидай-нан» ЖШС дәнекерлеуші-жөндеушісі Владимир Бабенков және басқаларына табысталды. 

null

Жиында Қарағанды облысының фермерлерінің осы жылы қол жеткізген жетістіктері атап өтілді: жемдік және майлы дақылдардың егістік алқаптары ұлғайды. Осы жылдың соңғы он айының қорытындысы бойынша облыста 100 000 тонна ет, 385 000 мың тонна сүт және 508 млн дана жұмыртқа өндірген. Бұл көрсеткіштер өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 3,2%-ға жоғары. Соңғы жылда аймақта мал басы да көбейді. Бүгінгі таңда 509 000 бас ірі қара мал, бір миллионнан астам қой және ешкілер, 58000 шошқа, 1500 түйе және төрт миллионнан астам құс өсірілуде. 

null

Жалпы аймақта 37,4 млн гектар ауылшаруашылық алқаптар бар.  527 ірі ауылшаруашылық кәсіпорны, 791 жеке шаруашылық және 205 ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорын ырғақты жұмыс істеуде. 
Сонымен қатар биылғы жылы жемдік және майлы дақылдар егістік алқаптары да ұлғайды. 

Еске сала кетсек, Қазақстанда Ауыл шаруашылық қызметкерлерінің күні жыл сайын қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Соңғы жаңалықтар