Қарағандыда «Astana Arlans» және ресейлік «Patriot boxing team» командалары арасында бокстан жекпе-жектер өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін,  20 мамырда Қарағандыдағы Бокс орталығында WSB Дүниежүзілік Бокс сериясының жетінші маусымы шеңберінде плей-офф кезеңіндегі  кездесу өтеді.

 «Astana Arlans» рингте ресейлік «Patriot boxing team» командасына қарсы шығады, деп хабарлайды karaganda-region.kz .  

Қазақстандық топ осыған дейін маусым басында «Патриоттықтармен» кездескен болатын. Онда біздің боксшыларымыз 2:3 есебімен жеңіске жеткен еді. Сонымен қатар қазақстандықтар Өзбекстан мен Қытай елдерінен келген қарсыластарынан басым түсті. Ал «Patriot boxing team» өзбек тобына есе жіберіп алып, қытайлық «China dragons» командасын жеңген болатын. 

 Бүгінгі таңда «Astana Arlans» Дүниежүзілік Бокс сериясының жетінші маусымының қорытындысы бойынша бірінші орынды иеленіп тұр. 
Бүгін қазақстандық боксшыларға турнирлік кестедегі орындарын сақтап қалу үшін жекпе-жекте бар күштерін салуға тура келеді. Рингке Олжас Сәттібаев, Закир Сафиуллин, Асламбек Шымбергенов, Арман Рысбек және қарағандылық Дмитрий Зиско шығады. Егер есеп тең болса, тағы бір жекпе-жек өткізіледі. Команданың намысын супер ауыр салмақты Нұрсұлтан Аманжолов қорғайды. 

 Кеше осы жекпе-жекке қатысты баспасөз мәслихаты өткен болатын.

 «Бокста алдын ала болжам жасауға болмайды, - деді баспасөз мәслихатында команданың бас жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпеков. - Біз барлығы жақсы болады деп үміттенеміз, және Қарағандыға әсем де әсерлі бокс көрсетеміз деп уәде береміз. Қарағанды - дарындылар мекені. Мұнда бокстың нағыз жанкүйерлері тұрады. Оларға жекпе-жек ұнайды деп ойлаймын 

Соңғы жаңалықтар