Жаңалықтар
Қарағандыда Алдаркөсеге ескерткіш орнатылды
2017 жылғы 10 қараша 12:51 777
Бөлісіңіз:

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы мемлекеттік балабақша алдындағы алаңға ертегі кейіпкері Алдаркөсеге арналған ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Гүлдер» балабақшасының меңгерушісі Бақытгүл Абдрасилованың айтуынша, бұл кейіпкер халық даналығы мен тапқырлығының символы.
«Балалардың өз әрекеттері үшін жауапкершілік сезінгені өте маңызды. Өзінің ақылды айлакерлігімен ол адамдарды сараң болмауға, рақымсыздарды мейірімді болуға үйретеді», - дейді балабақша директоры.
Саз балшықтан жасалған есек мінген Алдаркөсенің ескерткіші - қарағандылық мүсінші Бөскей Қыздарбековтың балаларға жасаған тартуы.
Сондай-ақ... оқыңыз
- Қарағанды саябақтарында 2 мыңға жуық ағаш отырғызылады
- Павлодарда масаларды улаумен ұшақтар айналысады
- Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына - 85 жыл
- Щучьеде армрестлингтен Азия чемпионаты өтуде
-
Қазақстанда 20 сәуірде өтетін маңызды шараларға шолу
-
Алматы облысында голланд технологиясымен жылыжайлар құрастырылуда
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
Онлайн қызметкерлер