Қарағандыда 7 сынып оқушысы асылып қалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы №23 мектептің 7 сынып оқушысы асылып қалды, полицейлер оқиғаның себептерін анықтап жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оқушы қыз анасы басқа бөлмеде үш жастағы баласын жұбатып жатқан кезде өзіне қол салған. Оның өлі денесін ең алдымен жаттығудан оралған үйдегі ортаншы ұл көрген.

«Қызымыз белсенді өмір салтын ұстанатын. Сабағы қанағаттанарлық. Мәнерлеп сырғанау үйірмесіне қатысып жүрді. Ата-аналары да мектеп басшылығымен тығыз байланыста болды, жиналыстардан қалып көрген емес, қыздарының оқу үлгерімін сынып жетекшісінен сұрап біліп отыратын»,-дейді мектеп директоры Нұркен Ашықбаев.

Оқушы қыз бұл мектепке 3 ай бұрын №101 мектеп-лицейден ауысып келіпті.

 Әлеуметтік желі қолданушылары жазып жатқан қыз баланы суцидке итермелегені туралы әңгімелерді директор теріске шығарды.

«Бұл туралы айтылып жатқан түрлі пікірлер жайлы ештеңе айта алмаймын. Онымен құқық қорғау орындары айналысады»,-деді Нұркен Ашықбаев.

Полиция оқушы қыздың өліміне байланысты әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Мектеп оқушыларының айтуынша, қыз бала бірнеше ай көлемінде оқушылардың бірімен хат жазысып, онымен суицид тақырыбын талқылаған.

Соңғы жаңалықтар