Қарағандыда 7-15 мың доллар алып, жұмысқа «тұрғызатын» алаяқ сотталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Тұрғындарды лауазымы жоғары жұмысқа тұрғызып беремін деп ақша алып, сан соқтырып кеткен қарағандылық сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түрлі жолдармен адамдардан қомақты қаржы алып келген алаяқты Қарағанды соты 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Бұрын сотталған ер адам өзінің таныстарының арасында түрлі лауазымдық қызметтерге адамдарды орналастыруға мүмкіндігінің бар екендігін айтып, ақпарат таратқан.

Қылмыстық іс деректеріне қарағанда, сенгіш қарағандылық үлкен ұлын жұмысқа тұрғызу үшін 15 мың долларды, ал кіші ұлын жұмысқа тұрғызу үшін 7 мың доллар берген. Ал басқа адам Ақтөбедегі бір кәсіпорынға қызын жұмысқа тұрғызу үшін миллион теңге берген.

Қарағандының тағы бір тұрғыны қызының медициналық колледждегі емтихандарын тапсырды деп жауып беруі үшін қомақты ақша берген. Алаяқ ер адам оқу орнының директорына телефон арқылы қоңырау шалып, өзін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жандос Әбішов деп таныстырып, студенттің мәселесін шешіп беруін айтқан.

Сондай-ақ, ол өзін жоғары лауазымды шенеуніктердің бірі ретінде Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің кадр жұмыстары басқармасының басшысымен телефон арқылы сөйлесіп, конкурстық іріктеуден өтпеген қарағандылықты ішкі істер органына жұмысқа тұрғызуды сұраған.

Сөйтіп, ер адам актерлік шеберлігі мен адамдарды сендіре алу қабілетінің арқасында белді шенеуніктер мен басшыларға телефон арқылы хабарласып, ісін тындырып отырған.

Нәтижесінде оның ұрлығы ашылып, алаяқ ұсталды.

Судья Гүльнар Дегенова, сотталушының Қылмыстық кодексінің бірнеше баптары бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға сотталғандығын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар