Қарағандыда 5 күн іздеуде болған дәрігер табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда жоғалған анестезиолог дәрігер Денис Ромашков табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Із-түзсіз жоғалған Денис Ромашковты бүгін Михайловск полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері тапты. Оның жағдайы жақсы, аман-есен табылды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Бұдан бұрын БАҚ Қарағандыда 41 жастағы анестезиолог дәрігер Денис Ромашковтың 18 наурыздан бері іздестіріліп жатқаны туралы хабарлаған еді. Ер адам ауладан жоғалып кеткен. 

Соңғы жаңалықтар