Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -18 °С
Алматы: -8 °С
USD 335.33 EUR 395.49
RUB 5.70 CNY 50.75
Жаңалықтар

Қарағандыда 2018 жылы геохимиялық зертхана ашылады

2017 жылғы 12 тамыз 23:10 974
Поделиться:
Қарағандыда 2018 жылы геохимиялық зертхана ашылады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда пайдалы қазбалардың 100 мың түрін анықтауға мүмкіндік беретін геохимиялық зертхана ашылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазгеология» ЖШС геологиялық инфрақұрылымды дамыту мақсатында зертхана ашуды жоспарлап отыр.

«Геохимиялық зертханада заманның ең озық жоғары техникалық құрылғыларымен қатты келетін пайдалы қазбалар мен жер асты суларын анықтау мақсатында зертханалық-талдау жұмыстары жүргізіледі»,  - деп хабарлайды Қарағанды облысының индустриалдық-инновациялық даму және өндіріс басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмасұлтанов.

Заманға сай геохимиялық зертхана пайдалы қазбаларға барлау жасаумен айналысатын кәсіпорындардың ақшасын үнемдейді. Ол кәсіпорындар бұрынғыдай табылған қазбаны зерттеу үшін еліміздің басқа өңірлеріне сабылмайтын болады.

Геологиялық зертхананы 2018 жылдың ортасына қарай іске қосу көзделген.

 

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат