Қарағандыда 2 жасар сәби суағар шұңқырына құлап кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының орталығында су ағатын арық шұңқырына екі жасар сәби құлап, зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.    

«Мен баламның зардап шеккендігіне өзімнің де кінәмнің бар екендігін мойындаймын. Десе де,  дәл қаланың ортасындағы тұрғындар демалатын орында неге қауіпті жерлерге белгілер қойылмайды. Ата-аналар, демалушылар қауіпті жерлерді алдын ала біліп отыруы керек емес пе?! Сонда біз алдын ала сақтана аламыз. Тиісті мекемелер осыған неге назар аудармайды», - деді зардап шеккен сәбидің әкесі Игорь Карташов ҚазАқпарат тілшісіне.


2 жасар қыз бала әкесінің көз алдында шұңқырға құлап кеткен. Әкесі бірден қызын шұңқырдан көтеріп алып, дәрігердің көмегіне жүгінген.

Суағар шұңқырының беті арнайы металл тормен жабылып тұруы тиіс.

«Ол жерде темір тор болған, алайда оны тұрғындар үнемі сындырып кетеді. Біз оны ауыстырып үлгермейміз», - деді Мәдениет және демалыс саябағы басқармасының басшысы Рустам Көдебаев.

Соңғы жаңалықтар