Қарағандыда 2 жасар қызын өртеп жіберген ата-ана ұзақ мерзімге сотталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда екі жасар қызын өлтіргені үшін бүлдіршіннің туған анасы мен өгей әкесіне қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша үкім шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Исламхан Есенбаев Владимир Зеленыйды ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша, ал оның бірге тұратын әйелін ҚР ҚК 434-бабы «Қылмыс туралы хабарламау» бойынша айыпты деп тапты.

«Айыпкер Зеленый Владимир Валерьевич айыпты деп танылсын және алғашқы бес жылын түрмеде өкізіп, қатаң режімдегі колонияда 23 жыл жазасын өтеу үкімі шығарылсын. Сондай-ақ, алдын ала маскүнемдіктен емдеу шарасы тағайындалсын. Жауапкер Драган Иляна Васильевна кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылсын және жазасын өтейтін жерде алдын ала маскүнемдіктен емделсін», - деп үкімді оқып берді судья Исламхан Есенбаев.

Ер кісі мен әйел адам маскүнемдікке салынып, спирттік ішімдікті асыра пайдаланғандықтан, бүлдіршінді қай күні өлтіргендерін нақты білмейді. Екі кәмелетке толмаған бала (бірі екеуінің ортақ баласы) балалар үйіне берілді.  Жеті жасар қызы балалар үйінде бес жылдан бері тәрбиеленіп келеді. Ал, кіші ұлы мемлекет қамқорлығына алынды. 

Соңғы жаңалықтар