Қарағандыда 2 сәбидің өліміне қатысты тексеру жүріп жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртауда көз жұмған біржарым жасар Аслан Манасовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицейлер Теміртаудың орталық ауруханасында көз жұмған біржарым жасар Аслан Манасовтың өліміне қатысты қылмыстық істі тексеріп жатыр.

«Аслан Манасовқа қатысты барлық әрекеттер тексеріледі, оның ішінде баланы аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне алып келген жедел жәрдем де бар», - деді жергілікті қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Ольга Смирнова.

Еске сала кетейік, Теміртау ауруханасында  3 қаңтар күні ішек инфекциясынан бір жарым жастағы сәби Аслан Манасов көз жұмған болатын. Осыған қатысты өткізілген брифингке баланың анасы Мақпал Жарылқасынова келді.

Сондай-ақ, 31 желтоқсан күні Қарағанды облыстық ауруханасында  3 жастағы Айзере атты қызынан айырылған ана Диана ҚаҺарманова да брифингте болды. Қос ана да облыстағы ауруханалар, балаларына қажетті медициналық көмек көрсете алмағанын айтты.

 Бекітілген тәртіпке сәйкес екі оқиғаға да байланысты тесеру жұмыстары 30 жұмыс күн көлемінде жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар