Қарағандыда 180 отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша 180 қарағандылық  пәтерлі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

180 отбасы Қарағанды қаласы «Жаңа орталық» шағын ауданындағы жаңа тұрғын үйлерден пәтер алды.

Бүгін қала әкімі Нұрлан Әубәкіров жанұяларға пәтер кілттерін табыс етті. 

«Қарағандыда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Жаңа орталықта жеті 24 қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Бес үй оңтүстік-батыс ауданында салынып жатыр, онда 828 пәтер бар. 288 пәтері бар «Шапағат» тұрғын үй кешені үш кезегінің құрылысы жүріп жатыр. Бұл тұрғын үй ипотека алуға мүмкіндігі бар тұрғындарға беріледі», - деді Нұрлан Әубәкіров.

«Жаңа орталық» шағын ауданындағы пәтерлерді көпбалалы отбасылар, жетімдер, мүгедек бала асырап отырған жанұялар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, толық емес отбасылар алды. Пәтерлердің бір шаршы метрінің құны 100 мың теңгені құрайды. 

«Жаңа орталық» шағын ауданы Қарағандының оңтүстік-шығысында салынып жатыр. Үш 14 және 16 қабатты үйлерде жалпы ауданы 59 532 шаршы метрді құрайтын 1128 пәтер орналасқан. Құрылыс жұмыстары толығымен 2018 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Бүгінгі күні екі көпқабатты үйлердегі үш блок-секция қолданысқа беріліп, 552 пәтер тапсырылды. Тұрғын үй кешеніндегі басқа секцияларда құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар