Қарағандыда 1,5 млн теңге пара алған әкімнің орынбасары ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«25 шілде күні Сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаменті Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің орынбасары Д.Ж.Сүлейменовтің 1,5 млн теңге сомасында пара алғанын әшкерледі», - деп хабарлады ведомства.

Ақша ЖШС басшысынан Өңірлерді дамыту-2020 мемлекеттік бағдарламасы аясында нысандардың құрылысы бойынша атқарылған жұмыстардың актісіне қол қою үшін және ары қарай да қолдау көрсету үшін алынған.

Сүлейменов Қарағанды қалалық ІІБ уақытша оқшаулау орталығына қамалды.

Соңғы жаңалықтар