Қарағанды зауыты өз қалдықтарынан шикізат өндіреді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы металлургиялық кремний шығаратын зауыт өз қалдықтарынан шикізат өндіретін болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Зауыттың басқарма төрағасы Мұрат Жүкеновтің айтуынша, жаңа технологиялар өртену нәтижесінде брикеттегі моношихталарды өңдеуге мүмкіндік береді.

Ал, моношихталардан металлургиялық кремний өндіріледі.

«Инновациялық жобаны жүзеге асыру үшін зауыт Қазақстан ғылым қорынан 300 млн теңге грант ұтып алу мақсатында конкурсқа қатысады. Бұл жоба өндірісі қалдықсыз болғандықтан,  қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Сонымен қатар, біз өз өндірісіміздің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартып, нарықтағы кремнийдің бәсекеге қабілеттілігін арттырамыз», - деді Мұрат Жүкенов.

Ғылым қоры әр саладағы инновациялық жобаларды қаржыландыруға дайын. 

Соңғы жаңалықтар