Қарағанды тұрғыны сот залынан қашып кеткені үшін сотталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды тұрғыны сот залынан қашып кеткені үшін 1 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

23 жастағы қашқын Дмитрий Бырсаны сот ҚР ҚК 426-бабы «Күзеттен қашу» бабы бойынша кінәлі деп таныды.

«Бырса Дмитрий Сергеевичті ҚР ҚК 426-бабы 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танып, қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеу арқылы 1 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», - деді үкімді жариялаған Қарағанды №1 Қазыбек би аудандық сотының судьясы Айгүл Мырзабекова.

Сотталушы сот залынан 25 тамыз күні 20 сағат 45 минутта қашқан. Сол сәтте оны алып келе жатқан Қарағанды облыстық ІІД конвойлық қызмет ротасының айдауылы сот аумағындағы автозактың есігін ашпақ болып алға түседі. Тап сол кезде қолы кісендеулі Бырса басқа екі айдауылдан сытылып шығып, тұрғын үйдің аумағына қарай қаша жөнеліп, соңынан қуғандардан ізін жасырып үлгереді. Қашқынды ертесіне, 26 тамызда тұтқындалғанға дейін жұбайы және екі баласымен тұрған Михайловка ауданындағы үйіне жақын жерден табады. Ол полиция жасағынан өзі берілді.
null

Дмитрий Бырса өзінің бұл әрекетін сот үкіміне дейін тонаған адамдардың залалын өтеу үшін ақша табуға талпынғандығымен түсіндірді. 

Соңғы жаңалықтар