Қарағанды соты сириялыққа босқын мәртебесін беруден бас тарту туралы шешімін түсіндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қарағанды соты Сирия азаматына босқын мәртебесін беруден бас тарту туралы шешімін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотының хабарлауынша, сот өз шешімі арқылы шетелдікті елден кетуге міндеттеген емес  және құқық қорғау органдары алдына оны бірден елден шығару туралы мәселе де қойған жоқ. Сот шешімінде  сириялыққа босқын мәртебесін беруден бас тарту туралы ғана айтылған.

«Альезалдин Ясер Джасем сотқа өзіне босқын мәртебесін беруден бас тартқан Көші-қон полициясы басқармасының әрекетімен  дауласу туралы шағыммен  жүгінді. Сот шешімімен Сирия тұрғынының шағым талабын қанағаттандырудан бас тартылды. Мұнымен Қарағанды облыстық сотының апелляциялық сатысы да келісті. Бірақ, шығарылған сот шешімі  Сирия тұрғынын Қазақстаннан мәжбүрлі түрде шығаруды көздемейді және оның Қазақстанда тұру құқығын шектемейді. Сот актісінде «босқын» мәртебесі туралы ғана сөз болды», - делінген №2 аудандық сот таратқан ақпаратта.

Сириялық ықтияр хат рәсімдей алады. Бірақ, ол аталған процедураға қаражатының болмауы себепті оны жасаған жоқ. Сондықтан оған депортациялану қаупі төнді. Алайда, қазіргі уақытта Көші-қон полициясы шетелдіктің жағдайын түсініп отыр. Көші-қон полициясы оны жұбайынан және балаларынан айыруды мақсат етіп отырған жоқ.  Сол себепті басқарма сириялықты Қазақстаннан депортациялау туралы сотқа шағымданбады. Қазақстан заңнамасына сәйкес депортациялау  сот шешімімен ғана жүзеге асырылады.  

Соңғы жаңалықтар