Қарағанды саябақтарында 2 мыңға жуық ағаш отырғызылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Биыл Қарағандыда 1798 ағаш отырғызылады. Көшеттер Орталық мәдениет және демалыс саябағында, Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл саябағында, сондай-ақ Ленин кинотеатрының артындағы гүл бағында пайда болады. Бұл туралы облыс әкімінің ресми сайты хабарлайды.

Саябақтар мен гүл бақтары басқармасының қызметкерлері барлығы 680 қарағай, 300 жөке, 300 қайың және 518 үйеңкі отырғызуды жоспарлап отыр. Ең көп ағаштар саны Орталық саябақтың батыс жағында пайда болады - 1468. Тағы 300 ағаш Тәуелсіздіктің 10 жылдығы саябағында,  Ленин атындағы кинотеатр артындағы гүл бағында 30 көшет отырғызылады. 

Ағаштар 27 сәуірде отырғызыла бастайды. Қайың мен қарағайлардың соңғы топтамасы күзгі сенбіліктер кезінде, орталық саябақтың батыс бөлігінде абаттандыру жұмыстары аяқталған соң егіледі. 

«Ағаштарды бейімделіп кетуі үшін өз топырағымен қосып саламыз. Осылайша тамыр жүйесі зақымданбайды. Ағаш жақсы жерсінуі үшін, оны отырғызған соң үш жыл аралығында бапталуы тиіс», - деп түсіндірді Қарағандының Мәдениет, демалыс саябақтары мен гүл бақтары басқармасы директорының орынбасары Талғат Смайылов. 

Саябақтар және гүл бақтары басқармасында мамандар отырғызған ағаштардың жерсінуі 95-100% құрайды. Қайың, үйеңкі және жөке ағаштарының екі метрлік көшеттерін Өскемендегі тәлімбақтардан, ал қарағай көшеттерін жергілікті жылыжайлардан алады. 
Сонымен қатар өзінің туған қаласы, ауданы, ауылының келбетіне немқұрайлы қарамайтын Қарағанды облысының барлық тұрғындары республикалық ағаш отырғызу акциясына қатысуға шақырылды. Аталмыш шара 21 сәуірде өтеді. 

Соңғы жаңалықтар