Қарағанды полицейлері 16 жыл қашып жүрген қылмыскерді ұстады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды полицейлері Алматыда қарақшылық жасап, адам өлтіргені үшін 16 жыл іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

2000 жылдың қаңтарында Қарағандыдағы жеке фирмаға қарақшылық шабуыл жасалды. Үш тонаушы күзетшіні байлап, 500 мың теңгеден астам қаражатты қолды еткен. Төрт айдан кейін осы фирмаға қайта қарулы шабуыл жасалды. Бұл жолы қылмыскерлер 1 млн теңгенің кеңсе техникасын иемденіп кетті. Тонаушылар байлап алып кеткен күзетшіні Саран қаласынан 5 шақырым жердегі көлге батырып жіберген.

«Екі факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті ұсталды, ал басты күдікті құтылып кетті. «Іздеу» шарасы барысында күдіктінің Алматы жүргені анықталды. 2016 жылы 16 наурызда 36 жастағы ер адам ұсталып, қазір Қарағандыға жеткізілді, ол тергеу абақтысына қамалды», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар