Қарағанды орталығында пианино орнатылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандының орталығындағы Арбат көшесінде қалаған адам тегін ойнай алатын сарғыш пианино пайда болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл идеяның авторы - пианиноның иесі Валентина Евтухова мен оның құрбысы Евгения Ферапонтова.
null

«Мен бұрын курсқа қатысып, пианинода ойнауды үйрендім. Кейіннен оған қабілетімнің жоқ екендігін түсіндім. Құралды не істерімді білмедім. Анам оны сарғыш түске бояп, әрбір азамат ойнауы үшін қала орталығына қоюды ұсынды», - деді Валентина Евтухова.

Бойжеткен өзінің идеясымен «Арбат» сауда үйінің әкімшілігімен бөлісіп, олар бұл бастаманы қолдайды. «Біз достарымызбен бірге фортепиано орналастырудың 3D жобасын жасап, оны сауда үйінің иесіне ұсындық. Олар мақұлдады. Кейін пианиноны ашық-сарғылт түске бояп, монстераның көкшіл және жасыл жапырақтарын салдық. Пианиноға Мистер Монстерео есімін бердік», - деді Валентина.
null

Құралды жаңбырдан оның тысы құтқаратын болады. Ал вандалдан ешкім арашалап қалмасы анық.

«Егер аспапты сындырса, өкінішті жағдай болар еді. Бірақ, адамдар қоғамға қуаныш әкелетін затты құртпайды деп үміттенемін», - деді Валентина.

Соңғы жаңалықтар