Қарағанды облысының ТЖД мобильді қосымшасы іске қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының ТЖД мен «IT-Expert.Asia» ЖШС бірлесіп, тұрғындарды құлақтандыратын «Kazakhstan ТЖД» мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұл туралы Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Қосымшаны енгізу мен қолданудың негізгі идеясы халыққа ТЖ туралы жедел ақпарат ұсыну қажеттігі себеп болды.

Бірнеше жылдың тәжірибесі көрсеткендей, ұялы байланыс операторлары арқылы жіберілетін смс-хабарламаларды рәсімдеуге 2 сағаттан 3 сағатқа дейінгі уақыт кететіндігі анықталды. Осыдан, алдын алуға бағытталған кейбір ақпарат өзінің өзектілігін жоғалтып жатады.

Мобильді қосымша өз кезегінде:

пайда болу қауіпі бар түрлі жағдайлар туралы ақпаратты лезде алуға;

дауылды ескертулер, жолдардың жабылуы, сабақтың болмауы мен ауа райы жағдайлары туралы ақпаратты жедел алуға;

түрлі экстремалды жағдайларда іс-әрекет тәртібі туралы ақпаратты қолдану;

авариялық қызметтерге арнайы телефондар арқылы хабарласу;

Сонымен қатар, «Kazakhstan ТЖД» қосымшасы:

жабық жолдар туралы, су тасқыны мен су басудың ауқымы, ТЖ болған жер мен адамдардың болуына қауіпті аумақтар белгіленетін интерактивті карта. Картадан нақты GPS координат алу арқылы адамның қай жерде екендігін анықтап, жақын арадағы құтқару қызметтері, жылыту пункттері мен тамақтану орындарын көруге мүмкіндік береді;

- ТЖ туралы анықтамалығында ТЖ кезіндегі іс-әрекет ережелері мен оларды алдын алу әдістері;

- жедел қызметтерінің байланыс ақпараты бар.

Одан бөлек, қосымша белгілі өңірді таңдап, ҚР Ақмола және Қарағанды облыстары бойынша хабарлама алу мүмкіндігі бар. Хабарландыру үш тілде жүргізіледі - қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.

Барлық ақпарат түсіп отыратын қосымшаның модераторы болып ТЖД Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі болып табылады.

Жедел хабарлама қауіпсіздікке бір қадам болып табылады, сонықтан Қарағанды облысының ТЖД техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туралы уақытылы хабарлау үшін мобильді қосымшаларды қолдана бастады.

«Kazakhstan ТЖД» - бұл жай мобильді қосымша емес, толыққанды бағдарламалар кешені түрлі міндеттерді шешуге арналған көптеген мүмкіндігі бар, халықты ақпараттандыру мен ТЖ кезіндегі іс-әрекет мәдениетінің деңгейін көтеруге ықпал етіп, өздігінен дамитын өнім.

Қазіргі уақытта қосымшаны 46000 адам жүктеп алған.

«Kazakhstan ТЖД» мобильді қосымшасын Android оперативті жүйесі бар  барлық смартфон, планшет иелеріне GooglePlay-ды қолдану арқылы тегін түрде жүктеп алуға болады. Немесе www.dchs.kz сайтына кіріңіз. 

Соңғы жаңалықтар