Қарағанды облысының тұрғыны заңсыз қарасора өсірген

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданының тұрғыны өз ауласында заңсыз қарасора өсіргені үшін шартты мерзімге сотталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Есірткі өсіп тұрған алқапты облыстық ІІД-нің Есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері анықтаған. Ауыл тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің 300-бабы 2-бөлімі «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша сот алды тергеу тағайындалды. Есірткі алқабы жойылды.

Ұлытау аудандық соты баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, сотталушы өз кінәсін толықтай мойындаған.

«Сот оған шартты түрде 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», - делінген сот үкімінде. 

Соңғы жаңалықтар