Қарағанды облысының тас жолында 39 көлік қамалып тұр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау-Ақмола облысы тас жолында автобустардың қозғалысына шектеу қойылуына байланысты 39 машинадан тұратын үлкен кептеліс пайда болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат ХАА» тілшісі.

Облыстық ТЖД мәліметінше, көліктер Алматы-Екатеринбург тас жолының 1425 шақырымында жиналып қалған.

«39 көлік жиналып қалды. Оның төртеуі автобус болса, қалғаны жүк көліктері», - деді ТЖД өкілі Жанна Дәуренбекова.

Жолда тұрғандарға құтқарушылар барынша көмек көрсетуде. Жүргізушілер жылжымалы жылыту бекеттеріне орналастырып, ыстық тамақ берілуде.

Еске сала кетейік, соңғы тәулік Теміртау құтқарушылары үшін оңайға соқпауда. Олар Алматы-Екатеринбург тас жолынан 80 адамды құтқарды. Ауа температуралы өңірде -40-45 градустан түспей тұр.

Соңғы жаңалықтар