Қарағанды облысының өзендерінде су деңгейі нормадан жоғары

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -  Қарағанды облысының барлық өзендерінің бассейндерінде су деңгейі нормадан жоғары, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өңірге жоғары әзірлік режімі енгізілген.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінде су  сәуірдің бірінші  жартысында жайылады деп күтілуде. Өзендерде мұзды жару жұмыстарын жүргізу қажет.

 «Бұқар жырау, Осакаровка, Абай, Нұра, Шет және Қарқаралы аудандарында  су 15 сантиметрден үш метрге дейін көтерілуі мүмкін. Төменгі учаскелерде бір жарымнан үш шақырымға дейін жайылуы ықтимал», - деді әкімдіктің баспасөз қызметінде ТЖД бастығы Күлшімбаевтің сөзін келтіріп.

Облыс әкімі Қошанов бағынысты қызметкерлерге проблеманы жасырмай, ашық айтуға шақырды.

 

Өңірде инертті материалдарға арнайы техникалар мен қаптар жеткіліксіз.

«Су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткеру басты міндет, жұмыстардың бәрін жұмыла үйлестіру қажет. Қазір әр ведомство бір-бірімен келіспей,  өзінше әрекет жүргізуде. Осының барлығы ертең төтенше оқиғаға соқтыруы мүмкін», - деді Ерлан Қошанов.

Облыста ескерту жарияланды. «Қазгидромет» болжамы бойынша 29-30 наурызда қар күрт еріп, су тасуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар